Жаңалықтар

Көк тудың желбірегені…

Ақтөбеде Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына және мотоцикл маусымының ресми ашылуына орай мотошеру ұйымдастырылды.

Еліміздің көк туын желбіреткен «Wheels Brother» мотоцикл клубының 30-дан астам мүшесі «Керуен сити» сауда, ойын-сауық орталығынан бастап қаланың басты көшелерін жүріп өтті.

Аталған мотоцикл клубының президенті Вячеслав Гаранкин:

— Біз бүгінгі шеру арқылы азаматтарға, әсіресе көлік жүргізушілеріне мотоциклдердің жолға шыққанын хабарлаймыз. Себебі мотоцикл — көпшілік үшін ыңғайсыз әрі қауіпті көлік түрі.

«Wheels Brother» клубы — қаладағы қоғамдық шаралардың белсенді қатысушысы. Жақында автоспортты насихаттау мақсатында «Менің елім» республикалық акциясына үлес қостық, — деді.

Жеті жылдан бері мотоцикл жүргізетін қала тұрғыны Бейбіт Бейсенов те аталған клубтың белсенді мүшесі.

— Клуб құрамында 18 жастан бастап 60 жасқа дейінгі азаматтар бар. Қатарымызда қыз балалар да жүр. Мотоцикл жүргізу — сүйікті хоббиім. 3 жарым миллион теңгеге әдейі мотоцикл сатып алдым. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі ұйымдастырылатын акцияларға, жарыстарға қатысып тұрамыз, — дейді ол.

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button